Ақтоғай ауданының мектебінде кабинеттер заманауи үлгіде жабдықталды

«Қазақстан халқына» қоры жөндеу жұмыстарына 250 миллион теңге қаражат жұмсады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамытуға жыл сайын ақша бөлінуде. Биыл 56 қазақстандық мектеп грантқа ие болды, оның төртеуі Павлодар облысының аудандарында орналасқан: Көктөбе, Заря, Ақтоғай ауылдары және Екібастұз қаласы. Ақтоғай ауданының орта мектебінде 313 бала оқиды. Енді олар үшін жаңа мамандандырылған кабинеттер ашылып, ал ескіріп қалғандары жаңартылды.
– Бұл STEM-зертхана, робототехника кабинеті, медиа-студия, арт - студия, ұлдарға арналған инженерия және қыздарға арналған технология кабинеті, – деді Абай Құнанбаев атындағы мектептің басшысы Қанымгүл Солтаналинова. – Сонымен қатар, физика, химия, география, биология пәндерінен арнайы кабинеттер бар.
Робототехника кабинеті роботтардың ең соңғы шыққан үлгілерімен жарақтандырылды, қыздарға тігін машиналары әкелінді және толыққанды асүй жабдықталды. Мұғалімдер үшін «Teacher Office», ал ең кішкентай оқушыларда шығармашылықты дамытатын оқу кабинет бар.
Тірек мектепте ауданның басқа мектептерінің балалары да білім ала алады.
– Ешқандай шектеулер жоқ. Ең бастысы – қызығушылық. Әр бала осы жерден қалағанын таба алады, – деді Қанымгүл Солтаналинова.
Мектептің даму жобасы үш жыл бойы жүргізілуде. Бірінші кезең – жаңа кабинеттер ашу. Әрі қарай мұғалімдер оқудан өтіп, біліктілігін арттырады. Олар тағылымдамадан өтуге шақырылды. Енді мұғалімдер онлайн дәрістерге қатысатын болады.