Болашақ Антроповтар мен Гретцкилерге үздік брендтер киімдері табысталды

Болашақ Антроповтар мен Гретцкилерге үздік брендтер киімдері табысталды
Фото: Константин Музалевский

Бұл облыстық дене шынықтыру және спорт департаментінің тікелей қолдауының арқасында мүмкін болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қалалық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Андрей Тарасов жас спортшыларды қолдағаны үшін өңірлік және спорт органдарына шын жүректен алғыс айтты: оларға өз сыныптарындағы ең үздік деп саналатын Bauer, CCM және WARRIOR хоккей жабдықтары берілді.

- Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының арқасында барлық жас топтарының қақпашылары, сондай-ақ №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттығу және спорттық даму топтары толық жабдықталған, ал бастапқы жаттығу топтары үшін конькилер мен қалақшалар сатып алынды, - дейді Андрей Тарасов. 

Облыстың спорт қауымдастығы жас спортшыларға жасалған жағдай олардың нағыз хоккей шеберлері болып өсуіне, облыс пен елдің намысын қорғауына және Николай Антропов пен Уэйн Гретцки сияқты ойыншылардың деңгейіне жеткізеді деп сенеді.