Павлодар облысында қыс жылы болады деп болжанып отыр

Павлодар облысында қыс жылы болады деп болжанып отыр
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болады деп күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» облыстық филиалының басшысы Маржан Құсайынованың айтуынша, қыс айларында жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейде болады. Алайда қараша мен желтоқсанда жауын-шашын нормадан көп түсуі мүмкін.

– 20 қазаннан бастап жаңбыр жауады. Ал 26 қазаннан кейін жаңбыр аралас қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Айдың соңына дейін түнгі температура 0…+5 градус, кей жерлерде 3 градус аяз болады. Күндіз ауа температурасы +2…+7 градусқа дейін жетеді, – деді синоптик.

18 қазанға дейін ауа температурасы +8…+13 градус аралығында болады. Одан кейін күн суыта бастайды.

Маржан Құсайынованың айтуынша, қараша айы да жалпы жылы болады деп болжанып отыр.