Павлодар облысында электр энергиясын беру қызметіне кәсіпорынның тарифі төмендетілді

Павлодар облысында электр энергиясын беру қызметіне кәсіпорынның тарифі төмендетілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл шешім тамыздан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті «ФерроТрансТрейд» ЖШС-ның 2024 электр энергиясын беру қызметіне бекітілген тарифтік сметаның орындалуы бойынша есебіне талдау жүргізді.

Талдау қорытындысы бойынша ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін ескере отырып, негізсіз алынған кіріс сомасы 1 322 710 теңгені құрады.

Осыған байланысты департаменттің 25 маусымдағы № 41-НҚ бұйрығымен 1 тамызынан бастап қолданысқа енгізіле отырып, «ФерроТрансТрейд» ЖШС-ның электр энергиясын беру қызметтеріне 3,93 теңгеден 3,86 теңгеге/кВтч дейін 1,78%-ға төмендете отырып (ҚҚС-сыз) уақытша өтемдік тариф бекітілді.