Павлодар облысында маусымда құрғақшылық күтілмейді

Павлодар облысында маусымда құрғақшылық күтілмейді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жауын-шашын мөлшері нормаға жуық түседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, маусымда орташа ауа температурасы +20,1...+21,6°С-ты құрайды.

Айдың басында ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтілуде: түнде  +6...+11°С-тан +12+17°С-қа дейін, ал күндіз +23...+28°С-тан +32...+37°С-қа дейін ыстық күтіледі. 

Айдың екінші онкүндігінде ыстық ауа райы сақталады. Сынап бағанасы түнде +17...+22°С, ал күндіз +36...+41°С-ты көрсетеді. Онкүндіктің соңында ауа температурасының төмендеуі күтілуде. 

Дегенмен, маусымның аяғында да ыстық күндер болады. Ауа температурасы түнде +12...+17°С, ал күндіз +24...+29°С облыстың шығысында +32°С-қа дейін көтеріледі. Ай ішінде өткінші жаңбыр, найзағай, секундына 15-20 метрге дейін соғатын жел күтіледі.

Павлодар облысы бойынша маусым айында Қазгидрометтің стандартталған жауын-шашын индексінің есептеулеріне сәйкес орташа ылғалды ауа райы болады деп болжануда.