Сайлау-2023: Мәжіліске өткен партиялар тізімі белгілі болды
Орталық сайлау комиссиясының отырысында елімізде өткен Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлау қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
"Күн тәртібі бір ғана мәселе шығарылып отыр. Атап өтейін, 2023 жылы 19 наурызда өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII сайланымы депутаттарын кезектен тыс сайлаудың қорытындыларын анықтау туралы мәселе", - деп атап өтті ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Сонымен ҚР бойынша:
- «Ақ жол» демократиялық партиясына 535 139 дауыс немесе 8,1 пайыз;
- Amanat партиясына 3 431 510 дауыс немесе 53,90 пайыз;
- «Ауыл» партиясына 693 938 дауыс немесе 10,90 пайыз;
- «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» - 331 058 дауыс немесе 5,20 пайыз;
- Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы – 146 431 дауыс немесе 2,30 пайыз;
- «Қазақстан халық партиясы» - 432 920 дауыс немесе 6,80 пайыз;
- Respublica партиясы – 547 154 дауыс немесе 8,59 пайыз;
- Бәріне қарсы - 248 291 дауыс немесе 3,9 пайыз.
Барлығы - 6 366 441 сайлаушы өз дауыстарын берді. Осылайша, партиялық тізімдер бойынша дауыс беру қорытындыларына қарай депутаттық мандаттарды бөлуге: Amanat партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Жалпыұлттық социал-демократиялық патриоттық партиясы», «Қазақстан халық партиясы», «Ауыл» партиясы, Respublica партиясы жіберілді. Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы 5 пайыздық кедергіні еңсермеуіне байланысты мандаттарды бөлуге қатыспайды, - деді Нұрлан Әбдіров.