Павлодарда облыстық сенбілік ұйымдастырылады

Экологиялық шараның мақсаты – қаланы тазалау арқылы тұрғындарды біріктіру және туған өңірге қамқорлық көрсету, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Экологиялық шара 11 қыркүйек күні өтеді.
– Сенбілік – бұл тек аумақты тазарту ғана емес, сонымен қатар бірліктің де белгісі. Бұл – қаламызға қамқорлық жасау, командалық рухты нығайту, бірегейлікті, ауызбіршілікті көрсететін, ұрпақтарды біріктіретін игі дәстүр. Ортақ үйіміздің әдемі, көркейіп, таза болып тұруына, оның тазалығына көңіл бөлу – әрбір азаматтың парызы, – деді қалалық мәслихаттың баспасөз қызметі.
Іс-шараға қала тұрғындары, еңбек ұжымдары, белсенді жастар мен еріктілерді шақырылады.