Павлодарда спорттық бал биінен қала әкімінің кубогы сарапқа салынады
Фестивальге қатысушылар төрт кезең бойынша өнер көрсетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
17 қазанда Павлодардағы «Автомобилист» спорт кешенінде Pavlodar Cup Dance Festival 2026 өтеді. «Рандеву» би-спорт клубының мәліметінше, жарыс қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады.
Фестиваль таңғы сағат 9:00-де басталады. Жарыстың келесі кезеңдері 13:00 және 15:00-ге жоспарланған.
Ұйымдастырушылар спортшыларды, жаттықтырушыларды, ата-аналар мен көрермендерді фестивальге шақырады.