Павлодарлық студент самбодан әлем және Азия чемпионатына жолдама алды

Павлодарлық студент самбодан әлем және Азия чемпионатына жолдама алды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол оқумен қатар алдағы спорттық жарыстарға дайындалып жүр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетіндегі өнер және спорт жоғары мектебінің студенті Бижан Сәдуақасов Таразда өткен самбодан Қазақстан чемпионатына қатысты. Оған Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Орал, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Жезқазған, Қарағанды, Қонаев, Қызылорда, Талдықорған, Тараз, Семей, Түркістан, Өскемен қалалардан спортшылар келіп, өзара бақ сынасты.

Бижан Сәдуақасов 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, үшінші орынға ие болды. Осылайша ол әлем және Азия чемпионатына жолдама алды.