Павлодарда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады

Павлодарда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады

Жол апаты Малайсары батыр көшесінде орын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 наурыз күні үш көлік – МАЗ, автобус және Chery автокөлігі соқтығысқан.  Салдарынан 11 бағыттағы автобустың жолаушысы медициналық көмекке жүгінген. Аталған факті бойынша тексеріс жүргізілуде, сараптама тағайындалды. 

Облыстық жедел жәрдем станциясы жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам зардап шеккенін хабарлады. Оқиға орнында медициналық апаттар орталығының мамандары жұмыс істеді. 

–  Зардап шеккен екі адамды медициналық апаттар орталығының мамандары, біреуін жедел жәрдем қызметкері қарап шықты. Олардың үшеуі де № 1 қалалық ауруханаға жеткізілді, – дейді станцияда.

Үшеуінің жағдайы да орташа дәрежеде. Көбінде  ми жарақаты  тіркелген.