Павлодарда симфониялық оркестрдің концерті өтеді

Павлодарда симфониялық оркестрдің концерті өтеді
Фото: Константин Шелков

Оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Рахимжанов, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

12 наурыз күні сағат 17.00-де Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының концерттік залында симфониялық оркестрдің концерті өтеді. Бағдарламада И. Брамс пен П. Чайковскийдің шығармалары орындалады: «Зимние грезы» №1 симфониясы, «Лебединое озеро» балеті, Брамстың «Трагическая увертюра».

Кеш қонағы – Қазақ ұлттық өнер университетінің өнертану магистрі, «Симфониялық оркестрдің дирижері» номинациясында халықаралық конкурсының лауреаты, Конрад Аденауэр атындағы қордың стипендиаты - Диана Мукатова.

Дирижер – Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық өнер университетінде өткен дирижерлау бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпазы Дастан Ибрагимов.