Павлодарда жеңіл автокөлік өртке оранды

Павлодарда  жеңіл автокөлік өртке оранды
ЖИ иллюстрациясы

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 5 тамыз күні сағат 20:30-да Павлодар қаласында Камзин көшесі бойындағы ашық аумақта жеңіл автокөліктің өртенгені туралы хабарлама түсті.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде автокөлік толықтай отқа оранған болатын. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт сағат 20:50-де толық сөндірілді. Өрттің жалпы аумағы 6 шаршы метрді құрады.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті көлік иелеріне автокөліктің техникалық жағдайын тұрақты бақылап, техникалық қызмет көрсетуді уақытылы жүргізуді, электр сымдары мен жанармай жүйесінде ақау болған жағдайда көлікті пайдаланбауды, сондай-ақ көлікте жарамды өрт сөндіргіштің болуын қамтамасыз етуді ескертеді.