Сәрсенбі күні Павлодар облысында жел күшейеді
«Қазгидромет» РМК 21 ақпанған арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді.
Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші секундына 9-14, күндіз екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.
Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 0 градус шамасында болады.
Қала бойынша ауаның ластану деңгейі төмен болады деп күтілуде.
Атлантикалық циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен ҚР басым бөлігінде күн құбылмалы болады – қар мен жаңбыр жауады.
Қазақстан бойынша көктайғақ, тұман болып, жел күшейеді, елдің солтүстігінде жаяу бұрқасын болады.