Павлодарлық мектеп директоры мәдениеттілік пен тәртіптің үлгісін көрсетеді

Павлодарлық мектеп директоры мәдениеттілік пен тәртіптің үлгісін көрсетеді
Фото: автор

Оқу орны басшысының тәжірибесі мол, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

№7 жалпы білім беретін мектептің директоры Мұрат Асайынов осымен үшінші жыл мектепті басқарып келеді. Ол күнде таңертең, алғашқы қоңырау алдында балалармен жеке кездесіп, әрқайсысымен амандасып, оқуда сәттілік тілейді.

– Балалар мектепке әртүрлі көңіл-күймен келеді, оны жүздерінен аңғаруға болады. Мен оларды қолдауға тырысамын, бәрі жақсы ма екенін сұраймын. Бұл да оларды тәртіпке шақырады, балалар кешікпеуге тырысады. Тіпті, балалар ғана емес, ересектер де қалыс қалмайды,  – деп әзілдейді Мұрат Асайынов.

Сезімтал директор мектеп ата-аналарымен кездесуді қабылдау уақытында белгілеудің қажеті жоқ екенін айтады. Себебі, Мұрат Асайынов олардың әрқайсысын күнде таңертең көреді және әрқашан әңгімелесуге ашық.

14 наурыз күні қазақтар ежелден «Көрісу күні – Амал мерекесін» атап өтеді. Бұл күні далалықтар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, денсаулық пен амандық тіледі. Мұрат Асайынов болса, бұл амалды жыл он екі ай жасайды. Ол мереке қарсаңында балалар мен олардың ата-аналарына денсаулық, табыс және ашық аспан тіледі.