Павлодарлық кардиолог: Жылына бір рет кардиограмма жасату керек
Ақ желеңділер адамдарға ашуға берілмей, жаман әдеттерден арылуға кеңес берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық кардиоорталықтың кардиохирургия бөлімшесінің кардиохирургі Думан Изгуттинов Дүниежүзілік жүрек күнінде жүрек ауруларын алдын алу шараларын еске салды.
– Жүрек адам ағзасының өте күрделі және ең маңызды мүшесі болып саналады. Оны тануға да, күтуге де қиын, – деді Думан Изгуттинов. – Тұрғындар міндетті түрде жыл сайын скринингтен өтіп, жылына бір рет кардиограмма мен жүрек ультрадыбысын жасау керек.
Оның сөзінше, жүрек жұмысының бұзылуына артериялық гипертензия, артық салмақ, гиподинамия, жаман әдеттер – темекі шегу және ішімдік ішу, стресс сияқты қауіпті факторларды әсер етеді.
Облыстық кардиологиялық орталығында науқастардың жүрек ауруларын емдеп, оларды өлім аузынан құтқарып, екінші өмір сыйлады. Биыл аурухана өзінің он жылдығын атап өтті.
– Осы уақыт ішінде елу мыңға жуық науқасты емдеп шықтық, оның ішінде жиырма мың адам хирургиялық ем алды, ал жеті мыңнан астам науқасқа ашық жүрек отасы жасалды. Қазақстан бойынша көп аудандарда, облыстарда кардиоорталықтар жоқ. Біздің орталығымыз ел бойынша ең білікті, білімді болып есептеледі. Мысалы, Қазақстанда жасалмаған кейбір оталар бізде өткізеді, – деді Думан Изгуттинов.
Кардиологиялық орталық заманауи кардиохирургия мен интервенциялық кардиологияның барлық бағыттарын біріктіреді. Ал заманауи жоғары технологиялық сарапшылық кластағы жабдықтар жүрек ауруларын ерте кезеңде диагностикалауға мүмкіндік береді. Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының екі миллионнан астам халқына қызмет көрсетеді.
– Екі жылдай үш деңгейлі инсульт орталығы жұмыс істейді. Ашылған уақыттан бері орталық бір жарым мыңнан астам науқасты емдеді, оның ішінде жүзден астам пациентке нейроинтервенциялық араласулар жасалды,– деді спикер. – Науқастарымыз өңірден шықпай-ақ жоғары білікті көмек алуына қол жеткізгіміз келеді.
Айта кетейік, 29 қыркүйек күні бүкіл әлемде жүрек күні атап өтіледі. Ол алғаш рет 1999 жылы Дүниежүзілік жүрек федерациясының бастамасымен ұйымдастырылды. Бұл күні дәрігерлер тұрғындарға кеңес, дәрістер өткізеді.