Павлодарлық волейболшылар қарсыластарынан ұтылды

Павлодарлық волейболшылар қарсыластарынан ұтылды
Фото: vcertis

Жергілікті құрама Ұлттық лигада өнер көрсетуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодарлық воолебол командасы «Ertis» Петропавл қаласында өтіп жатқан ұлттық лигада өнер көрсетуде. Өткен ойында көрермендерін қуанта алмаған команда бұл жолы да қарсыластарынан жеңілді. 

Шығыс Қазақстан облысының «BEREL» командасына қарсы ойнаған матчта жергілікті волейболшылар 3:0 есебімен жеңілді. Бірінші партияда ойын есебі – 25:12, екіншісінде – 25:21, үшіншісінде 25:22  болды.

23 желтоқсан күні сағат 10.00-де «Ertis» командасы «Айқаракөз» құрамасына қарсы шығады. Ойынды Qazsport арнасында тікелей эфир арқылы көре аласыздар. 

Еске сала кетейік, павлодарлық команда бұған дейін «Тұран» командасына қарсы ойнап, 3:0 есебімен жеңілген еді.