Сенбі күні Павлодар облысында көктайғақ болады
Қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 11 наурызда күндіз Павлодар облысының солтүстігі мен батысында көктайғақ күтіледі.
Оңтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің онтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.
Қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын күтіледі, көктайғақ болады.
Синоптиктер барлық өңірде ескерту жариялады.