10 наурызда Павлодар облысында күн ашық болады
Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, көшпелі бұлт шығады. Оңтүстіктен жел соғады, күші секундына 9-14 метрді құрайды.
Ауа температурасы түнде 9-11 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы болады.
9 наурызда және түнде 10 наурызда метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың сейілуіне ықпал етеді.
Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейі төмен болады деп күтілуде.