Павлодарда тұтынушылардың өтініштері қарастырылады

Павлодарда тұтынушылардың өтініштері қарастырылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қоғамдық қабылдау өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 қаңтар күні облыс бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде тұтынушылардың өтініштерін қарау бойынша қоғамдық қабылдау ұйымдастырылады. Іс-шараға «Савар» Павлодар облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі қатысады.

Өтетін орны: қалалық департамент, Генерал Дүйсенов көшесі, 9, 3 қабат, 304-кабинет.