Павлодар облысында Наурыз мерекесінде күн салқындайды
Сынап бағанасы -13 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 18 наурыз күні түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі, аздаған қар жауып, соңы көктайғаққа ұласады. Ауа температурасы түнде -3-8, батысында -11 градус, күндіз +1+6 градусты көрсетеді. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрді құрайды.
19 наурызда түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында аздаған қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады. Сынап бағанасы 0-5 градусты көрсетеді. Облыстың оңтүстігінде, шығысында аздаған қар жауады, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14, солтүстік, батыс және оңтүстігінде 15-20 градусты құрайды.
Облыстың шығысында қар жауып, бұрқасын болады. Түнде -12-17 градус, күндіз -3-8 градусқа дейін суытады.
Одан кейінгі төрт күнде күнде жауын-шашын күтілмейді. Облыстың солтүстігінде тұман болады.
21 наурызда ауа температурасы түнде -10-15 градус, күндіз 0-5 градус, 22 наурызда түнде -8-13, күндіз 0+5, 23 наурызда түнде -3-8, күндіз +3+8 және 24 наурызда 0-5 және +5+10 градус болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.