Павлодарлық жүргізушілер жылдамдықты асыруға әуес

Павлодарлық жүргізушілер жылдамдықты асыруға әуес
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жыл басынан бері аймақта дәл осылай жол ережесін бұзудың 12 мыңға жуық дерегі тіркелген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жылдамдықты асыру – жол қозғалысы кезінде жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың бірі. Полицейлер қабылданып жатқан барлық шараларға қарамастан, тәртіп бұзушылардың саны азаймай отырғанын айтып дабыл қағуда.

- Мәселен, Павлодар – Астана автожолында KIA K5 автокөлігінің жүргізушісі рұқсат етілген жылдамдық 140 км/сағ болғанына қарамастан, 179 км/сағ жылдамдықпен қозғалған. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды, — дейді облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бәкібай Ахмедьянов.

Айта кетейік, жыл басынан бері полиция қызметкерлері жылдамдық режимін бұзудың 11 603 дерегін анықтады.