Павлодарда киіз үйлер орнатылатын жерлердің тізімі ұсынылады

Павлодарда киіз үйлер орнатылатын жерлердің тізімі ұсынылады
https://www.pexels.com/

22 наурызда Ертіс жағалауының төменгі бөлігінде сегіз киіз үй құрылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Наурыз мерекесіне орай облыс орталығында 30 киіз үй орнату жоспарланған болатын: шағын аудандар мен қала маңындағы ауылдарда. Қала тұрғындары мереке күндері Ertis Promenade сахнасында жабдықталған  сегіз киіз үйге  кіріп,  дәм тата алады.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі киіз үйлердің құрылатын жерлердің тізімін ұсынды:

  • «Наурыз» ауылы.  Ertis Promenade, орталық жағалау. 
  • «Бірлік» ауылы. Усолка шағын ауданы  НЗМ.  Ткачев көшесі, 16/2
  • «Татулық» ауылы. Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті. Олжабай батыр көшесі,  60
  •  «Думан» ауылы. Toraighyrov University. Ломов көшесі, 64
  • «Шаттық» ауылы. Инновациялық Еуразия Университеті.  Ломов көшесі, 45
  •  «Ынтымақ» ауылы. Литвинов көшесіндегі саябақ. Екінші Павлодар.
  • Ауыл «Шабыт» ауылы. Оқушылар сарайы.  Мәшһүр Жүсіп көшесі, 27
  • «Келісім» ауылы. Достық үйі.  Мәшһүр Жүсіп көшесі, 35/1
  •  «Ырыс» ауылы. Орталық мәдениет және демалыс саябағы.  Генерал Дүйсенов көшесі, 105
  • «Көктем» ауылы. Өзен вокзалы.  Ак. Шөкин көшесі,  2/2.
  • «Қуаныш» ауылы. Гагарин саябағы. Ак. Шөкин – Қамзин көшелерінің қиылысы. 
  • «Мереке» ауылы. ҚТЖ.  Сұрағанов көшесі, 3.
  • «Табыс» ауылы. Гринвич. Қамзин көшесі, 67/1.
  • «Жақсылық» ауылы. «АнНұр» өнер-білім орталығы.  Толстой көшесі, 82.
  •  «Молшылық» ауылы. Жаңаауыл шағын ауданы.  Жанаульская көшесі, 6.
  • «Бақыт» ауылы. Теміржолшылар шағын ауданы.  Кленовая көшесі, 77/1.
  • «Береке» ауылы. «Small» сауда үйі. Катаев көшесі, 51.
  • «Жайлау» ауылы.  «Жайлау» базары. Торговая көшесі,  2а.
  • «Достық» ауылы. Izmir. Бекхожин көшесі, 3
  • «Сыйластық» ауылы. Павлодар, Жетекші, Мойылды, Кенжекөл ауылдары, Ленин кенті.

Қала тұрғындарына дәстүр бойынша палау, бауырсақ, тәттілер тегін таратылатын болады. 

22 наурызда сағат 11:00 Ертіс жағалауында концерттік бағдарлама басталады. Қала тұрғындарына сол уақыттан бастап дәстүр бойынша палау, бауырсақ, тәттілер тегін таратылады. Түстен кейін киіз үйлерді бөлшектеп, жинастырады. 

Еске сала кетейік, Наурыз айының 21-23 күндері облыстың қала, аудан, ауылдарындағы алаңдарға киіз үйлер тігіліп, мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылады. Жалпы облыс бойынша 190-нан астам киіз үй тігу жоспарланған еді.