Павлодар облысында жастар көгалдандыруға кірісті

Павлодар облысында жастар көгалдандыруға кірісті
Суретті колледж әкімшілігі ұсынды

Ақпараттық технологиялар колледжінің 31 студенттен құралған «Жасыл ел» еңбек жасағы көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына ресми түрде кірісті, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz. тілшісі.

Бұған дейін облыста экологиялық-волонтерлік жасақтар жұмыс істеп, балалар мен жасөспірімдер орталығында, жалғызбасты қарттарға көмек көрсету, сенбіліктер мен экологиялық акцияларға қатысу сынды істермен айналысқан. Олардың жалақысы мен жұмыс уақыты аздау болған. Ал 1 шілдеден бастап Павлодар облысының барлық өңірінде көгалдандыру мен абаттандыруға бағытталған экологиялық жасақтар іске кірісті.

Таңертеңнен бастап командирдің орынбасары Гаухар 

Аманова барлық қатысушыларға қолғап пен арнайы бас киім (кепка) үлестіріп, еңбек маусымының алғашқы күніне сәттілік тіледі. Жасақ мүшелері алғашқы тапсырмаларын орындауға бірден кірісті.

Жастар бір ай бойы газондарды арамшөптерден тазалайды, гүл егіп, оларды күтіп-баптайды, бұталардың пішінін келтіріп, қаланың тазалығы мен көркіне үлес қосады.

–  Әрбір жас сарбаздың қосқан үлесі өте маңызды. Бұл — тек еңбек қана емес, өз қаласына деген қамқорлықтың көрінісі, – дейді командир Татьяна Трубецкая.

«Жасыл ел» бағдарламасы жастардың жазғы уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беріп, елді мекендердің көркеюіне сеп болуда.