«Ертіс орманы» резерватында бес жылға ағаштарды кесуге тыйым салынды

«Ертіс орманы» резерватында бес жылға ағаштарды кесуге тыйым салынды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұған заңсыз ағаш кесу себеп болып отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстағы орман қорының басым бөлігі «Ертіс орманы» қорығының қарағайлы орманында шоғырланған. Заңсыз ағаш кесу фактілеріне байланысты тыйым салынған. 

Павлодар облысы прокуратурасының мәліметінше, мораторий жойылған 2021 жылдан бері 1100 текше метр ағаш заңсыз кесілген. Бұл ағаш кесуге тыйым салу кезеңінің көрсеткіштерінен асып түскен.

Осыған орай, орманды сақтау мақсатында облыс прокуратурасының бастамасымен ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінен бастап 2029 жылдың 1 қаңтарына дейін Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен бүкіл резерват аумағында ағаш кесуге тыйым салынды.