Павлодарда мұғалімді балағаттаған оқушының ата-анасы жауапқа тартылды
Жасөспірімнің іс-әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері – ұсақ бұзақылық байқалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мұғалім полицияға хабарласып, оқушылардың бірі облыс мектептерінің бірінде балағат сөздер айтқанын хабарлаған.
– Тексеру жүргізілгеннен кейін полиция кәмелетке толмаған баланың ата-анасын жауапқа тартты. Материал қарау үшін сотқа жіберілді, – деді департаментте.
Сондай-ақ қала тұрғыны полицияға хабарласып, көршісі үйдің кіреберісінде балағат сөздер айтқанын хабарлаған. Енді бұзақының мінез-құлқы сотта қаралады.