Павлодар облысы қаншалықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген?
Дәрілік заттарды медициналық ұйымдарға жеткізуді «СК-Фармация» ЖШС ӘМСҚ ұсынған жиынтық өтінімдер негізінде жүзеге асырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бүгінде өңірге 11,5 миллиард теңге сомасына дәрі-дәрмек жөнелтілді. Дәрілік қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінің деректері бойынша қамтамасыз ету сомасы 10,7 миллиард теңгені құрады, бұл тиелген көлемнің 92%-ын құрайды.
– Жылдан-жылға дәрілік препараттармен, оның ішінде орфандық, тіркелмеген, қымбат тұратын препараттармен қамтамасыз етуде медициналық көмек көрсетуді талап ететін орфандық және басқа да аурулары бар жаңа пациенттер анықталады,– дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасында.
Бұл ретте басқарма облыстық бюджет қаражатынан босатылатын дәрілік заттардың тізбесін тұрақты негізде кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде.
Денсаулық сақтау басқармасы дәрілік препараттардың жоқтығы бойынша келіп түскен өтініштерді СК-Фармация ЖШС және медициналық ұйымдармен бірлесіп пысықтайды. Емханада қандай да бір препарат болмаған жағдайда, жеткізілмеу немесе сатып алмау себебінен қамтамасыз ету аумақтық бірлік ішіндегі басқа медициналық ұйым арқылы жүзеге асырылады.