Павлодарлық мобилографтар сыйлық ұта алады

Павлодарлық мобилографтар сыйлық ұта алады
Фото: pexels.com/Edgar Okioga

Ол үшін қаланың әсем көріністерін видеоға түсіру қажет, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазақстан жастар одағы «Youth Challenge» коммерциялық емес ұйым «#PAV_Story» атты мобилографтар арасындағы қалалық байқау ұйымдастырады. 

Телефонға видео түсіруді ұнататын тұрғындар Павлодардың сұлулығы мен атмосферасын бүкіл қалаға көрсете алады. 

Қатысушылар қала көшелері, адамдары, табиғаты, сәулеті немесе жеке көзқарасы бойынша шаһардың бейнесі туралы қысқа бейнеролик түсіру керек. Бейнені Instagram-дағы жеке парақшаға #PAV_Story және #ЕркеЕртістіңЖағасында хэштегтерімен жүктеу міндет қойылады. Сондай-ақ, @smk_kaz, @sayasat_pavlodar, @akimat.pavlodar ұйымдастырушылардың аккаунттарын белгілеу қажет. Конкурсқа 16 жастан асқан тұрғындар қатыса алады. 

Жұмыстар 2-11 шілде аралығында қабылданады. Ең үздік жұмыстар финалға шығып, онлайн-дауыс беру арқылы бағаланады. Жеңімпаздарды сыйлықтар, дипломдар және Қала күніне арналған «Ertis Promenade» сахнасында марапаттау салтанаты күтеді.

Байқау халықтың шығармашылық белсенділігін арттыруға, жастар мен шығармашылық қоғамдастықтарды қолдауға, сондай-ақ, Павлодар қаласының мәдени ортасын дамытуға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс міндеттерін іске асыру аясында өткізілуде. 

Ұсынылған жұмыстарды бағалау сайыстың тақырыбына сәйкестігі, сюжеттің шығармашылығы мен өзіндік ерекшелігі, эмоциялық экспрессивтілік, түсірілім мен монтаждың техникалық сапасы, әлеуметтік жауапкершілік (Instagram-дағы ұнатулар мен пікірлер саны) сияқты критерийлер бойынша жүзеге асырылады.

Барлық сұрақтар бойынша 8 (777) 625-42-38 телефоны арқылы сұрауға болады.