Павлодарлықтардың шағымы бойынша ауаның сапасы тексерілді
Атмосфералық ауаны өлшеу жылжымалы экологиялық зертхана арқылы жүргізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы бойынша экология департаментінің мамандары жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мамандарымен бірлесіп, «Сосновый бор» бау-бақша ауданына, яғни «ПМХЗ» ЖШС және «Кастинг» ЖШС маңында атмосфералық ауаның жай-күйін өлшеп, тексерді.
– Тексеру жұмыстары атмосфералық ауаның сапасына халықтан келіп түскен шағым бойынша жүргізілді. Атмосфералық ауаны өлшеу екі нүктеде, шаң (суспензия), көміртегі (СО) оксиді, азот диоксиді (NO2), азот оксиді (NO), күкірт диоксиді (SO2), күкіртсутек (H2S), жылжымалы экологиялық зертханасы арқылы жүргізілді, – деді департамент мамандары.
Жүргізілген өлшеулердің нәтижелері бойынша жоғарыда көрсетілген заттар бойынша асып кетулер тіркелмеген.