«Ертіс орманында» көктем кезеңіне дайындық басталды

«Ертіс орманында» көктем кезеңіне дайындық басталды
Фото: Ертіс орманы ұсынды

Орманшылар отырғызу жұмыстарының алдында қарды үлкен үйінділерге үйіп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Табиғи резерваттың орманшылары көктемгі ормандарды қалпына келтіру жұмыстарына дайындықтың бірінші кезеңін бастады.

– Орман қалпына келтіру материалдарын сақтау үшін дұрыс жағдай жасау- орман дақылдарын молайтудың маңызды шарттарының бірі,– деді резерватта.

Қазіргі уақытта ауа райының қолайлы және ормандарда қардың қажетті мөлшерінің болуына байланысты орманшылар отырғызу жұмыстары басталар алдында көшеттерді сақтау үшін қарды үлкен үйінділерге үйіп жатыр.

Бұл шара отырғызылатын материалды сақтау үшін яғни, топыраққа отырғызғанға дейін оның өсуін тоқтату және көшеттердің кеуіп қалмауы үшін жүргізіледі.

Резерват аумағында барлығы 48 тоңазытқыш (қар үйіндісі) жасау жоспарлануда.