Павлодар облысында жараланған аққу құтқарылды

Павлодар облысында жараланған аққу құтқарылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Әлсіреген құс өздігінен әрең қозғалып, ұша алмаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Үрлітүп ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ мәліметінше, 2 қыркүйекте Ертіс ауданы Ағашорын ауылдық округінің тұрғыны далада көмекке мұқтаж аққуды тауып алған.

Құсты мекемеге Ағашорын ауылдық округінің әкімі Луиза Хазаева жеткізген.

Мамандардың анықтауынша, аққу – биылғы жылғы балапан. Болжам бойынша, оған жыртқыш аң шабуыл жасаған. Құс әлсіреп, өздігінен әрең қозғалған және ұша алмаған.

Аққуды тексеріп, жағдайын бағалағаннан кейін оны оңалтудан өткізу үшін мамандандырылған ұйымға беру туралы шешім қабылданды.

Құс сол жерде емделіп, денсаулығы қалпына келгеннен кейін табиғи мекендеу ортасына жіберіледі.