26 ақпанда Павлодар облысында боран болады

26 ақпанда Павлодар облысында боран болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, облыс бойынша түнде температура -9...-14°C болады, қар жауып, боран соғады. Күндіз -3...-8°C көрсетеді. 

Павлодарда түнде -11...-13°C, күндіз -6...-8°C болады. Күн бұлттанып, боран соғады.