ChatGPT мәтіндері енді көрінбейтін белгілермен белгіленеді

ChatGPT мәтіндері енді көрінбейтін белгілермен белгіленеді
ЖИ иллюстрациясы

OpenAI компаниясы жасанды интеллект арқылы жасалған контентті белгілеу үшін ChatGPT чатботында жазылған мәтіндерге көрінбейтін белгілер енгізетінін жариялады, деп хабарлайды Kazinform.

АҚШ компаниясы мұны Еуропа Одағының жасанды интеллектке қоятын талаптарына сәйкестендіру үшін жасалып отырған қадам деп түсіндірді.

Көрінбейтін белгі алдағы апталарда ЕО аумағындағы ChatGPT және Codex пайдаланушылары үшін енгізіледі.

OpenAI мәлімдеуінше, көрінбейтін белгілер нақты символ емес, оны мәтінді оқып отырған адам көрмейді, ерекше тізбекпен жасалатын модельді детектор ғана таниды. Компания детекторды арнайы рұқсат алған зерттеушілер мен мамандандырылған ұйымдар ғана пайдалана алады.

— Біз шығарған textGrain көрінбейтін мәтін технологиясы модельдің сөз таңдауына көрінбейтін статистикалық сигнал қосады. Біздің детекторымыз мәтін бөлігінде OpenAI орнатқан көрінбейтін белгі бар-жоғын анықтау үшін осы сигналды іздейді, — дейді OpenAI өкілдері. 

Көрінбейтін белгілер адамның материалға қосқан үлесін өлшемейді, меншік құқығын немесе жауапкершілікті белгілемейді, пайдаланушыны анықтамайды және материалдың түпнұсқалығын тексермейді. Сонымен қатар, көрінбейтін белгінің болмауы мәтіннің авторы адам екеніне 100% кепілдік бермейді.