Павлодарлық пауэрлифтингшілер Қазақстан чемпионатында 26 медаль жеңіп алды

Павлодарлық пауэрлифтингшілер Қазақстан чемпионатында 26 медаль жеңіп алды
Фото: pexels.com / Victor Freitas

Ел біріншілігінде облыстың әйелдер құрамасы жалпыкомандалық есепте көш бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық бұқаралық спортты дамыту клубының мәліметінше, 1–8 қазан аралығында ересектер арасында классикалық және жабдықталған пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты өтті. Ел біріншілігінде өңір спортшылары 12 алтын, 6 күміс және 8 қола медальға ие болды.

Классикалық пауэрлифтинг сайысында Арина Тремолец, Маргарита Гурьева, Наталья Жиляева, Матвей Климов және Сергей Лаптев үздік шығып, алтын жүлде алды. Бұл бағытта өңірдің әйелдер құрамасы бірінші, ал ерлер командасы үшінші орынды еншіледі.

Жабдықталған пауэрлифтингтен Полина Мальцева, Арина Тремолец, Анастасия Лисниченко, Маргарита Гурьева, Наталья Жиляева, Вадим Плахотников және Николай Красотин де чемпион атанды. Нәтижесінде әйелдер кубокты жеңіп алса, ерлер екінші орынға табан тіреді.