Павлодарда неміс тілінен жазғы лингвистикалық алаң жұмыс істейді

Биылғы жылы «Возрождение» облыстық немістер қоғамының құрылғанына 35 жыл толады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Біз бір отбасында тұрамыз» жазғы фестивалі аясында қалалық саябақта үлкен мереке ұйымдастырылды.
– Біздің қоғамның құрылғанына – 35 жыл. Бұл кезең көптеген оқиғалармен ерекшеленеді, – деді қоғамның бақылау кеңесінің төрағасы Вячеслав Руф. – Кішкентай қадамдардан бастау алған ұйым бүгінде аяғына мықтап тұрды. Осы жылдар ішінде елшілікпен және сыртқы істер министрлігімен жақсы байланыс орнаттық.
Этномәдени бірлестіктің төрағасы Владимир Шеканың айтуынша, «Возрождение» Қазақстан немістерінің мәдениетін, тілі мен дәстүрлерін сақтап, өңір өміріне белсенді қатысады, этностар арасындағы достық көпірлерін нығайтады. Меценаттардың көмегінің арқасында облыс орталығында павлодарлық немістер үшін неміс үйі ашылды. 1996 жылдан бастап театр студиясы мен вокалдық ұжым ұйымдастырылған «Lenz» жастар клубы жұмыс істейді.
«Жастар Ассамблеясы» республикалық өкілдігі филиалының төрағасы Рамиль Смайыловтың пікірінше, неміс ЭКО облыс ҚХА қызметінде маңызды орын алады.
– Ең алдымен, бұл – үлкен тату команда, – дейді Рамиль Смайылов. – Бұл – қоғамның меценаттары қолдайтын әртүрлі жобалар.
Ол аймақтық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшылығының атынан «Возрождение» белсенді мүшелеріне Алғыс хаттар табыс етті. Сонымен қатар, сахнада «Nette Frauen», Екібастұздан «сеньорлар» және Железин ауданынан «Wiedergeburt» вокалдық топтары, Ақсудан «Falter» би ұжымы, Башмачное ауылынан фольклорлық топ өнер көрсетті.
Бағдарлама жетекшісі Ольга Литневскаяның айтуынша, бағдарламалар көп, олардың бірі – Ақсу, Екібастұз және немістер көп тұратын ауылдарда ұйымдастыратын балалар лингвистикалық алаңы. Қатысушылар неміс тілінің негіздерімен танысады, оқуды үйренеді. Мұндай сабақтарға ойындар, кешкі іс-шаралар, жарыстар кіреді.
– Біз Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, көптеген іс-шаралар өткіземіз, – деді Ольга Литневская. – Бұл – жастар жобалары, аналар кеңесінің жұмысы, Ақсақалдар кеңесі, түрлі фестивальдар.
Павлодар облысында 20 мыңнан астам неміс тұрады.