ДСМ-ге жазда ауыл балаларының денсаулығына скрининг жасау тапсырылды
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Денсаулық сақтау министрлігіне жазда ауыл балаларының денсаулығына скрининг жасау тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Денсаулық сақтау министрлігі шалғай елді мекендерде балалардың денсаулығына скрининг жасау, стоматологиялық тексеру жүргізу үшін жылжымалы медициналық пунктердің жұмысын ұйымдастыруға тиіс», - деді ол.
Сондай-ақ Әлихан Смайылов қоғамдық орындарда балалардың тамақтану сапасын бақылап, тамақтану және ойын-сауық орталықтарындағы санитариялық жағдайды қамтамасыз ету маңызды екенін еске салды.
«Барлық лагерьлер медицина қызметкерлерімен, тиісті педагогтармен және тәрбиеші кадрларымен қамтамасыз етілуі қажет», - деді Премьер-Министр.