Павлодар ауданының сұлулары тәж үшін сайысты
Ұйымдастырушы «Олжа» жастар бастамаларын дамыту орталығы болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
18 наурыз күні аудандық «Көктем аруы – 2024» сұлулық пен шығармашылық сайысы өткізілді.
– Ауданымыздың ауылдық округтерінен 7 қыз қатысты. Байқау 5 турдан тұрды - сәлемдесу, аспаздық қабілеттер (ұлттық тағамдар), интеллектуалды тур (әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер мен мақал-мәтелдер), шығармашылық байқау, дефиле, – деп хабарлайды «Олжа» ЖБДО баспасөз қызметі.
Бас жүлде Луганск ауылдық округінің қатысушысы Фарида Құсайыноваға бұйырды. Оған тәж, жеңімпаздың лентасы, диплом, әмбебап ас әзірлегішке сертификат сыйға тартылды. Бірінші орынды Ефремов ауылдық округінен Әйгерім Айтқұлова иеленді, сыйлық ретінде лента, диплом және қысқатолқынды пеш алды. Екінші орынды Мичурин ауылдық округінің өкілі Байсүгірова Аида иеленді, лента, диплом және блендер жеңіп алды. Үшінші орын Рождественский ауылдық округінен Негина Жұмашеваға бұйырды, оған үтік сыйлады. Қалғандарына белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар табысталды.
Көрермендер үшін Павлодар ауданының үздік әншілерінің бірі Расул Тұрғынбек, сондай-ақ ауданның жас белсендісі Боранбай Батырхан Зымыран әнімен өнер көрсетті.