Павлодар облысында фермерлер шөп дайындау кезінде нені ескеру қажет?

Павлодар облысында фермерлер шөп дайындау кезінде нені ескеру қажет?
Фото: pixabay.com/ybernardi

Қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары күшейтілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Шаймарденовтың айтуынша, қазіргі уақытта өңірде ірі мал азығын шөп дайындау және сақтау жұмыстары қарқынды жүруде. Дегенмен, өрт сөндірушілер ескерткендей, жем-шөпті дұрыс сақтамау және қауіпсіздік ережелерін елемеу – өрттің негізгі себебіне айналып отыр. 

Осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін қарапайым, бірақ маңызды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажет. 

– Қазір шаруалар қысқа азықты барынша көп жинауға тырысып жатқанымен, сақтау кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын ұмытпау қажет. Олар: шөп үйіндісі арасындағы қашықтық кемінде 20 метр, жол немесе электр желісі арасындағы аралық 20 метр, тұрғын немесе шаруашылық ғимараттар арасындағы арақашықтық 50 метр болуы тиіс екенін ескеруі қажет, – дейді Қайрат Шаймарденов. 

Шөп қоймасының ең үлкен рұқсат етілген ауданы 5150 шаршы метрден аспауы тиіс.

Қысқа дайындық кезінде шөп сақтау және пеш жағу ережелерін елемеу ауыр салдарға әкелуі мүмкін.