Павлодарда автобустан құлаған зейнеткердің жағдайы анықталды
Жедел жәрдем бригадасы 81 жастағы әйел адамды облыстық ауруханаға жеткізген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол апатында зардап шеккен адамды травматолог қарап шыққан соң травматология бөлімшесіне жатқызылған.
– Жағдайы орташа ауыр деп бағаланады. Сан сүйегі сынған. Зардап шегушінің айтуынша, автобустан шығып бара жатқанда құлаған. Жүргізуші жолаушылардың шыққанын күтпестен жүріп кеткен, – дейді басқармада.
Құлаған кезде есінен танып қалмаған.
Естеріңізге сала кетейік, 30 наурыз күні сағат 15.30-да Huanghai маркалы маршруттық автобустың жүргізушісі Н.Назарбаев даңғылында орналасқан автобус аялдамасының жанында жолаушыларды толық түсірместен, ашық есіктермен жүріп кеткен. Апат салдарынан автобустан шыққан 81 жастағы жолаушы жерге құлаған.