Павлодарда көк мұзда екі автобус жолдан шығып кетті (ВИДЕО)

Павлодарда көк мұзда екі автобус жолдан шығып кетті (ВИДЕО)

Қазіргі уақытта  қоғамдық көліктер қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің мәліметінше, бүгін жаңбыр мен қар аралас жаңбыр, көктайғаққа байланысты қоғамдық көліктердің қозғалысы  қиындаған. 

– №38 бағытта екі автобус жолдан шығып кетті. Қазіргі уақытта бұл маршруттар қалыпты жұмыс істеп тұр. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көшелер мен жаяу жүргіншілер жолдарына көктайғаққа қарсы материалдар себу жұмыстарын жүргізуде, – дейді бөлімде.  

Республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында бұл жұмыстармен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ айналысады.

 Естеріңізге сала кетейік, қар шығару жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде. Ол үшін 22 арнайы мамандандырылған көлік және 200-ге жуық жұмысшы жұмылдырылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ВСЕ ОбовсеХ ПАВЛОДАР и KZ???? (@vse.obovseh.pvl)