Павлодарда трамвай «Halyq radiosy»-ның логотипімен жүреді

Павлодарда трамвай «Halyq radiosy»-ның логотипімен жүреді
Фото: Мақсат Көлтайұлы

Аталған шара Халықаралық радио күніне орай  ұйымдастырылуда, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласының трамвай басқармасы «Halyq radiosy» редакциясымен бірлесіп, коллаборация жасасты. Қоғамдық көлікті  «Halyq radiosy»-ның логотипімен қала көшелерінде көруге болады. Бүгінгі таңда трамвайды безендіру жұмыстары жүргізіліуде. 

– Радио күніне орай жергілікті БАҚ-тың құрметіне  арнайы трамвай шығаруды шештік. Қалалық трамвай басқармасының басшысы мен радио қызметкерлері дизайнды таңдап, келісімге қол қойды. Трамвайды осы аптаның демалыс күндерінен бастап қала көшелерінен көруге болады, – дейді трамвай басқармасының қызметкері Айсана Жакеш. 

Еске сала кетейік, өткен жылы «Halyq radiosy» 85 жылдық мерейтойын атап өткен болатын. 2003 жылдан бері радио ұжымы 24 сағат үзіліссіз ақпарат таратуда. 

Еске сала кетейік, бұған дейін де облыстық радио «Accent» ерлер дүкенімен бірлесіп, мерчтер шығарған болатын.