Павлодарда Шекарашылар күні аталып өтті

Павлодарда Шекарашылар күні аталып өтті
Фото: Константин Шелков

Биыл бұл мереке ресми түрде 12-ші рет тойлануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

18 тамыз күні жастар бастамаларын дамыту орталығында Шекарашылар күні мерекесіне орай іс-шара ұйымдастырылды. 1992 жылдың дәл осы күні «Шекара әскерлерін құру туралы» Жарлыққа қол қойылды. Бұл мереке елімізде 2012 жылдың тамыз айынан бастап ресми түрде атап өтіледі. 

– Облыстың шекара әскерлері Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 800 шақырымға жуық шекарасын күзетуде, – дейді шекара қызметінің облыстық департаменті тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің аға офицері Талғат Каленов. 

Шара марапаттаудан басталды. 25 әскери қызметкер Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, шара барысында шекара қызметімен байланысатын өзге саланың 15 қызметкері марапатталды. Оның ішінде мемлекеттік қызмет, білім, мәдениет және журналистика саласының өкілдері бар.

Қазақ шекарасын күзетіп жүргендердің арасында өнерпаздар да аз емес. Концертте шекарашылар ән айтып, өнер көрсетті.

Биыл шекара әскеріне 31 жыл толып отыр. Жауынгерлер еліміздің егемендігі мен мемлекеттік тұтастығын қорғап, тәулік бойы шекара күзетуде. Бұл жолы шекарашылар мерекелерін тойлауды ерте бастап кетті. Себебі дәстүр бойынша әскерилердің мерекесі сағат 20:00-де басталады.