Павлодарда ардагерлер спартакиадасы өтті

Павлодарда ардагерлер спартакиадасы өтті
Фото: автор

Облыс орталығына облыстың түкпір-түкпірінен келген спортшылар жиналды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен егде жастағы спортшылар арасында спорттың төрт түрінен жарыс өтті. Шара Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған.

Спартакиада шахмат, тоғызқұмалақ, баскетбол себетіне доп лақтыру және үстел теннисінен өтті, – дейді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рымтай Шөкеев. – Бұл үшінші облыстық спартакиада. Сәуір-мамыр айларында облыстың барлық аймақтарында іріктеу жарыстары өтті. Барлық облыстарда дене шынықтыру мен ардагерлермен жаппай жұмысты дамыту бойынша оң жұмысты атап өтуге болады.

Барлық қалалық және аудандық ардагерлер кеңестері жарыстарға қатысуға үн қосты – барлығы 13 команда және 100-ден астам қатысушы. Командалар құрамында зейнеткерлік жастағы және одан үлкен жастағы ерлер мен әйелдер болды.

Шахмат үйінде шахмат жарысы өтті. Ақтоғай ауданынан келген Құдайберген Тезекбаев жастайынан ақыл-ой ойынын ойнап, жүлделі орыннан үмітті екендігін айтты. Оның бәсекелесі Павлодар ауданынан келген Николай Шаренко да алғашқы жеңіліске қарамастан, жеңіске деген құлшыныс білдірді.

Бірінші ойынды қанағаттанарлықсыз өткіздім, қарсыласым лайықты болғанымен, нәтижеге көңілім толмайды, - дейді Николай Шаренко. – Бұрындары спартакиадаларда футбол, волейбол ойнайтынмын, бұл жолы тек шахматқа қатысып жатырмын. Ауылда жарыстарға дайындалып, үнемі ойнаймыз.

Баянтау спорт сарайында спартакиаданың жабылу салтанаты өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдар мен мақтау қағаздарымен марапатталды. Дегенмен, бұл спорт мерекесінде жеңілгендер болған жоқ.