Баянауыл ұлттық паркі туристік маусымға дайын

Баянауыл ұлттық паркі туристік маусымға дайын
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оның ашылуы 14 маусымға жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ұлттық парктің басшысы Аждар Жүсіповтің айтуынша, туристерді қарсы алу үшін табиғи аймаққа кіреберіс жерлер, бақылау-өткізу пункттері жаңартылып, аумақ абаттандырылған.

Биыл Баянауыл табиғи паркіне кіру үшін жаңа тарифтер енгізілді. Жаяу жүргіншілер үшін кіру құны 590 теңге, жеңіл көлікпен кіру – 1573 теңге, шағын автобус және жүк көлігімен – 7864 теңге, 32 орынға дейінгі автобуспен – 11796 теңге, 32 орыннан жоғары автобуспен – 19660 теңге.

Төлемді барлық ыңғайлы тәсілдермен – банк карталарын қабылдайтын терминалдар арқылы, QR-кодпен немесе қолма-қол ақшамен төлеуге болады. Төлем жасағандарға чек беріледі.

Ресми мәліметтер бойынша, былтыр Баянауыл ұлттық паркінің аумағына 160 мыңнан астам турист келген. Биыл олардың саны одан да көп болады деп күтілуде.