Баянауыл балуаны Әлем кубогында күміс жүлдегер атанды

Баянауыл балуаны Әлем кубогында күміс жүлдегер атанды
Фото: Баянауыл ауданының әкімдігінен

Түркістан қаласында даңқты балуан, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған ересектер арасындағы Қазақ күресінен Әлем кубогы өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Байрақты бәсекеде 13 елден келген жүзге жуық балуан бақ сынап, олардың арасында Баянауыл ауданының намысын Мұхтар Дәлелханұлы қорғады. Жерлесіміз тамаша өнер көрсетіп, жүлделі екінші орынға ие болды.

Баянауыл ауданының әкімі Ардақ Кісентаев спортшыны жеңісімен құттықтап, бұл жетістіктің аудан абыройын асқақтатқанын атап өтті:

– Баянауылдың даңқы асқақтай түсті. Түркістан төрінде өткен әлемдік додада жерлесіміз Мұхтар Дәлелханұлы екінші орын алып, ел мерейін үстем етті. Бұл — ауданымыздың мақтанышы, жастар үшін үлкен өнеге. Мұхтарға алдағы уақытта да спорттағы биік белестерді бағындыруды тілейміз, – деді аудан басшысы.

Әлемдік деңгейдегі жарыстағы бұл жетістік Баянауыл спортшыларының әлеуеті мен қазақ күресінің халықаралық аренадағы беделінің арта түскенін көрсетті.