Павлодарлық хоккейші шетелдік клубпен келісімшартты ұзартты

Павлодарлық хоккейші шетелдік клубпен келісімшартты ұзартты
Фото: «Авангард» ХК

Екіжақты келісім екі жылға есептелген, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы омбылық «Авангард» хоккей клубының баспасөз қызметі мәлім етті.

Өткен маусымда 20 жастағы хоккейші, шабуылшы Илья Рейнгардт Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионаты аясында 19 матч өткізіп, бес (2+3) ұпай жинады. Плей-офф кезеңінің алты кездесуінде ойыншы бір нәтижелі пас шығарды

«Омские крылья» құрамында Бүкілресейлік хоккей лигасы тұрақты чемпионаты аясында сегіз матчта бес (3+2) ұпай жинады.

«Омские Ястребы» құрамында форвард Жастар хоккей лигасының тұрақты чемпионатының жеті кездесуіне қатысып, еншісіне 6 (3+3) нәтижелі балл жазды. Плей-офф кезеңінің бір ойынында ұпай жинаған жоқ.