Павлодар облысында ХҚКО сайттары бұзылған туралы ақпарат – фейк

Павлодар облысында ХҚКО сайттары бұзылған туралы ақпарат  – фейк
Фото: Константин Шелков

Ата-аналарды мессенджерлер арқылы қорқытуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

1 тамыздан бастап Екібастұзда балалар балабақшаға қабылдануда. Тіркеу кезінде баланың қабылданғаны туралы 1414 SMS хабарлама жіберіледі. Осыдан кейін ата-аналар растау коды бар SMS-хабарламаға жауап беріп, «Индиго» веб-сайтындағы «жеке кабинет» бетіне жолдама алу керек.

Алайда мессенджерлер арқылы халыққа қызмет көрсету орталығы сайтының бұзылғаны туралы ақпарат тарай бастаған.

– Полиция ХҚКО сайты бұзылды деген хабарлама жіберді. Бүкіл eGov mobile дерекқоры бұзылды. Егер 1414 нөмірінен хабарлама келсе, ешқандай сілтемелерге кірмеңіз. Барлық чаттарға таратуға сұраймын, – деген жалған хабарлама жіберілді.

ХҚКО баспасөз қызметінде сайтта ешқандай ақау болмағанын хабарлады. Ал Екібастұз қалалық білім беру бөлімі ақпаратты жалған екенін мәлім етті.

Ведомтсвода тексерілмеген ақпаратты жібермеуді немесе таратпауды сұрайды және жалған ақпарат таратудың салдары әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін еске салады.