Павлодарлық қыздар волейболдан қола жүлде жеңіп алды

Павлодарлық қыздар волейболдан қола жүлде жеңіп алды
Фото: pixabay.com/TaniaVdB

Жарысқа еліміздің барлық өңірлері қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жезқазған қаласында 11-12 жастағы қыздар арасында волейболдан Қазақстанның күзгі чемпионаты өз мәресіне жетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 15 команда қатысқан дода тартысқа толы өтті.

Жарыс нәтижесінде аймақ командасы үздіктер қатарынан көрініп, қола жүлдені жеңіп алды. Ал бірінші орынды Ақтөбе облысының спортшылары иеленсе, екінші орынға Түркістан облысының командасы тұрақтады. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, чемпионат жас волейболшылардың шеберлігін арттыру, командалық рухты нығайту және елімізде волейбол спортын кеңінен насихаттау мақсатында өткізілді.

Финалдық кездесулерде жас волейболшылар өздерінің жоғары шеберлігін, табандылығын және нағыз командалық рухын көрсетті. Бұл жетістік – спортшылардың тынымсыз еңбегі мен жаттықтырушылардың сәтті дайындығының нәтижесі.

Фото: №2 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі