Железин ауданында волейболдан турнир өтті

Железин ауданында волейболдан турнир өтті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл күні спортзалдағы тордың екі жағында бірнеше мектептің мұғалімдері кездесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жарысты өткізу бастамасын Береговое ауылдық мектебінің ұжымы көтерді. Шақыруға Аққайың, Захаровка, Церковное ауылдарының және аудан орталығының мұғалімдері (№1 және №3 мектеп командалары) үн қатты. Қонақтарды қабылдау жоғары деңгейде өтті: қатысушыларға жайлы орналастыру орындары дайындалып, таңғы ас пен мерекелік түскі ас ұсынылды.

Жарыс басталар алдында Береговое ауылының мектебінің директоры Гүлнар  Сағындықова қатысушыларға сәттілік пен жақсы ойын тіледі. Мұғалімдер ойын барысында шеберлік пен жеңіске деген жігерін көрсетті.

Финалда Церковное ауылындағы Новомир мектебінің және М.Дулатұлы атындағы №3 Железин орта мектебінің ұстаздары кездесті. Тартысты ойында 2:1 есебімен жеңісті железиндік команда иеленді. Қарсыластары екінші орынға шықты. Ал үшінші орын үшін өткен кездесуде Захаровка мен №1 Железин мектебінің командалары бақ сынады. Бұл ойында Захаровка мектебінің спортшылары жеңіске жетті.

Турнир мектеп ұжымының концерттік бағдарламасымен аяқталды – оған музыкалық нөмірлер мен мұғалімдердің мектеп өмірінен алынған шағын көріністері кірді. Күн соңында марапаттау рәсімі өтті. Оны аудандық білім бөлімі әдіскері Айдос Жылқышиев жүргізіп, барлық қатысушыларға алғыс білдірді. Ол педагогтардың тек білім беру саласында ғана емес, спорт пен мәдениетте де белсенді екенін атап өтті. Жеңімпаздарға мадақтамалар мен медальдар табыс етілді, ал кейбір қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталды.