Павлодарда білім алушылардың үлгерімі сараланды
Облыс орталығында бірінші тоқсан бойынша оқу нәтижелілігіне жүргізілген талдау аяқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бүгінде қалада 44 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 50 мыңнан астам бала білім алады, соның ішінде шамамен бес мыңға жуық бірінші сынып оқушысы бар.
– Тоқсан қорытындысы бойынша жалпы үлгерім 99,89 пайыз болды. Қала бойынша білім сапасының орташа көрсеткіші 53 пайызға жетті, бұл облыстық деңгейден сәл жоғары, алайда республикалық көрсеткіштен 59 пайызға төмен, – деді қалалық білім беру бөлімінде.
Сонымен қатар 2–11-сыныптар арасында «3» деген бағасы бар 2274 оқушы анықталды, бұл жалпы оқушылар санының 5 пайызын құрайды. Мұндай оқушылар санының артқаны байқалады — алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 1983 оқушыға көбейген.