Ертіс өзенінен бес күн бұрын жоғалған жігіттің мүрдесі шығарылды

Іздеу жұмыстары эхолот пен арнайы жабдықтың көмегімен жүргізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 қыркүйекте Павлодарда өзен порты ауданында іздеу іс-шараларын жүргізу барысында құтқарушылар Ертіс өзенінен ер адамның денесін тапты.
Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл 10 қыркүйекте жоғалып кеткен 2003 жылы туған жас жігіт. Құтқарушылар денені судан шығарып, полицияға тапсырды.